ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2016

Шардарада 1 мың гектардан астам егістік алқабы қайта айналымға қосылмақ - ОҚО

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы үш ауылдық округте ағын су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 94,4 шақырым каналды жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінге дейін оның 76,9 шақырымы қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 110 дана ағын су тоспаларының 61-і жаңартылды.