ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2016

Новости за 01.07.2016

Златан Ибрагимович ресми түрде «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал швед футболшысы Златан Ибрагимович ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубына ресми түрде ауысты. Бұл туралы клубтың "twitter" желісіндегі парақшасына сілтемемен massaget.kz хабарлады.

Алматыда ТҚКС-да өрт болды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 1 шілде күні 23:38-де куәгерлер Әуезов ауданында, Төле би көшесі бойында орналасқан ТҚКС-да өрт болып жатқаны туралы хабар берген.

Қызылорда облысының әкімі жамағатты қасиетті Қадір түнімен құттықтады

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Барша мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын Қадір түні бүгінгі түнге (шілденің 1-інен 2-сіне қараған түн) тура келді. Осы түнде күллі мұсылман қауымы Алладан игі тілектер тілеп, дұға етеді.

Қажылық кезінде селфи жасауға заңмен тыйым салыну керек пе?

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында соңғы уақытта қажылық кезінде қасиетті Қағбаны тауап етіп жүріп, селфи жасауға құштарлардың қарасы көбейген. Қажылардың айтуынша, мұндай кезде селфи жасағандар өзгелердің жолын бөгеп, кедергі келтіріп жатады. Әсіресе, қасиетті Рамазан айында, деп хабарлайды muslim.kz.

АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болады, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейеді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Мың айдан да қайырлы - Қадір түні

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі түн - Қадір түні. Айлардың сұлтаны - Рамазан айы болса, түндердің ең қасиетті түн - Қадір түні. Өйткені, бұл түн барша адамзатқа арналған Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған түн.

Астанада кітап және поэзия фестивалі өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 4 шілдеде Абай ескерткіші алдындағы алаңда елорданың  18 жылдығына орай  «Ұлы дала, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы, Мәңгілік ел - Тәуелсіз Қазақстан!» атты кітап және поэзия фестивалі өтеді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. 

Бір жастағы барабаншы Facebook пайдаланушыларын таңғалдырды (ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook-те Ти Джей есімді бір жасар балдырғанның ұрмалы аспапта ойнвыпа отырғаны туралы ролик пайда болды. Балғын музыкантты бір аптаның ішінде миллионнан астам адам қараған. Пайдаланушылар түсіндірмелерінде баланы «әлемдегі ең сүйкімді бараншы» деп атады, деп хабарлады Lenta.ru.

ОКҚ директорының міндетін атқарушы болып Кемелбек Ойшыбаев тағайындалды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің өкімімен «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының міндетін атқарушы болып Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев тағайындалды.

Қазақстан қоғамының басты құндылықтары әлемдік деңгейде көрсетілетін болады - «Филия» Қазақстан гректері қауымдастығы

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -   «Филия»  Қазақстан грек қоғамы қауымдастығы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Қазақстан халқын республикамыздың  2017-2018 жылдары  БҰҰ ҚК  тұрақты емес мүшелігіне  сайлануымен құттықтады.

ВАДА допингімен ұсталған Алматы облысының балуаны Александр Касачёвке «Қазақстан барысына» қатысуға рұқсат берді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің биылғы жылғы төрт қатысушысының талдамалық сынамаларынан тыйым салынған мельдоний субстанциясының табылуына байланысты, төрт балуанды жарысқа шығудан шеттеткен болатын.

Қазақстанның БҰҰ ҚК-іне тұрақты емес мүшелікке сайлануы - біздің еліміздің жоғары беделі мен әлемдік қауымдастықтың сенімінің дәлелі - «Жарасым» республикалық жастар ұйымы

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Жарасым» республикалық жастар ұйымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Қазақстан халқын елдің тарихи оқиға - БҰҰ ҚК  мүшелікке  сайлануымен құттықтады.

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турниріне қатысатын ең ауыр балуанның есімі анықталды (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Хан Шатыр» сауда-ойын орталығында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына қатысушыларымен кездесу және салтанатты салмақ өлшеу рәсімі өтіп, турнирге қатысатын ең ауыр салмақтағы балуанның есімі белгілі болды.

Ақтөбеге «Алтын адам» келді

Казинформ 

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -  Ақтөбеге алғаш рет Ұлттық мұражайдың құнды жәдігерлерінің бірі - Алтын адам келді. Көрме өнер мұражайында ашылып,  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.  «Алтын адам» - тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан брендтерінің бірі болған сақ сарбазының киімі.

Екібастұзда әйел құрбысын қызғаныштан пышақтап өлтірді

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -   Екібастұз қаласында Матросов көшесіндегі үйдегі пәтерлердің  бірінде зорлап өлтіру белгілерімен әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі.

Атырау облысында 11,4 млрд. теңгеге мүлік заңдастырылды

Казинформ 

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атырауда заңдастыру  саны  артуда.  2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Атырау облысында жалпы құны 11,4 млрд теңгеге мүлікті жакешелендіруге 1406 өтініш қанағаттандырылды. Оның ішінде осы жылғы 10 маусымтағы жағдай бойынша, 1375 өтініш қанағаттандырылды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі хабарлады.

ОҚО-да өткен үйлестіру кеңесінде 43 жоба қаралды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен «ОҚО Бизнесі» Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Украина Президенті Қазақстан басшысына дағдарысты шешу ісіндегі арағайындық қызметін жалғастыра беру жөніндегі өтінішін жеткізді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Украина Президенті Мемлекет басшысын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығының қазақстандық бөлігінде алғашқы инвестициялық нысан ашылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілдеде «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығының қазақстандық бөлігінде алғашқы инвестициялық «Самұрық» орталық алаңы» нысаны ашылды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі.   

Мәскеуде Еуразия студенттік симфониялық оркестрінің концерті өтті (ФОТО)

Казинформ 

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат -П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының 150 жылдығы аясында, консерваторияның үлкен залында  Қазақ ұлттық өнер университетінің концерті өтті.