ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2016

Новости за 15.07.2016

Түркияның Премьер-Министрі елде әскери төңкеріс жасалмақ болғандығын хабарлады (ФОТО/ВИДЕО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым елде әскери төңкеріс жасауға әрекет жасалғандығы жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Тоқтар Әубәкіров Қазақстанның әскери ұшқыштарына шеберлік сыныбын өткізді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің 200-ден аса әскери қызметшісі отандық авиацияның аты аңызға айналған ғарышкері, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровпен кездесті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ниццада қаза тапқан қазақстандық болуы мүмкін Наталья Антверпенде орыс мектебінде сабақ берген

Казинформ 

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ниццадағаы теракті кезінде қаза тапқан Қазақстан тумасы Наталья Отто Антверпенде орыстың діни мектебінде мұғалима болып қызмет еткен.

АУА РАЙЫ: Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 шілдеде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді. Батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста жауын -шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бурабайда жылу электр орталығы салынып жатыр - Нұрсұлтан Назарбаев

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бурабай курорттық аймағында сұхбат берген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында курорттық аймақ инфрақұрылымының айтарлықтай жақсарғанына тоқтала келе, қазіргі кезде ұлттық саябақ Президенттің іс басқармасының қарауында екенін атап өтті.

Инфрақұрылымы дамыған сайын Бурабайдың атағы әлемге таныла береді - Нұрсұлтан Назарбаев

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қызметі туралы сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мәжіліс депутаттары Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Мәжіліс депутаттары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметінен.  

ОҚО жастары арасында бизнес-идеялар байқауы жарияланды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қала әкімдігінің қолдауымен, «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп жастар арасында «INNOVATION-2016» бизнес-идеялар байқауын жариялайды.  

«Kazsport» Қайрат-Маккаби кездесуін көрсете алмағанының себебін түсіндірді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 шілде күні «Kazsport» телеарнасында сағат 21.13 мен 21.57 уақыт аралығында «Қайрат» (Қазақстан) және «Маккаби» (Израиль) арасында өткен кездесуінің көрсетілімі кенеттен тоқтатылды. Бұл келеңсіз жағдай ауа-райы қолайсыздығы әсерінен уақытша спутник сигналының жоғалып кетуіне байланысты орын алды, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.

Алматы облысында 22 жастағы азамат жоғалды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында 22 жастағы Ерік Қырғызбай деген азамат жоғалды. Талғар қаласының тұрғыны 8 шілде күні Алматыдан Талғар қаласына қарай шыққан. Бірақ, үйіне оралмаған.  

Астанада ветеринарлық анықтамасыз ет өткізгендер қатаң жазаланатын болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астана қаласы әкімінің орынбасары А. Лукиннің төрағалығымен қала аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. 

Біз терроризмге қарсы соғыса береміз және бұл өте ұзақ соғыс болады - Франция Елшісі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 18 шілде күні Астанада орналасқан Франция Елшілігінің алдында көңіл айту кітабы ашылады. Астана тұрғындары мен өзге де азаматтар француз халқына осылай қолдау білдіре алады. «ҚазАқпарат» тілшісімен сұхбаттасқан Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен 14 шілде күні түнге таман орын алған Ницца қаласындағы терактіге байланысты, қазақстандықтар 15 шілде күні таңертеңнен Франция елшілігіне көңіл айту хаттарын жолдай бастағанын айтты. Читать дальше...

Әлем көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қарқынды дамуындағы баға жетпес рөлін атап өтті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларынан, саяси қайраткерлерден, шетелдік және отандық компаниялардың жетекшілерінен, бизнес, ғылым, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдерінен, 

Қазақ мемлекеттік циркі Алматының 1000 жылдық тарихына қатысты қойылым әзірлеп отыр - Бақыт Бөкебаев

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 16 шілдеден бастап, Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «12 арыстан және Мысыр ханзадасы» атты театраландырылған халықаралық көрсетілім қойылады.

Франсуа Олланд: Ниццадағы лаңкестік кесірінен 50 адам өмір мен өлім арасында жатыр

Казинформ 

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ниццадағы лаңкестік кесірінен тағы 50 адам өмір мен өлім арасында жатыр. Бұл жайында Ниццадағы террористі ұстау операциясына қатысқан қауіпсіздік қызметі қызметкерлерімен кездесуде Франция Президенті Франсуа Олланд мәлімдеді.

ШҚО бюджетін онлайн бақылауға мүмкіндік туды

Казинформ 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы бюджетінің кірісі мен шығысын онлайн-режимде көруге болады. Аймақтық бюджеттің кірісі мен шығысы жайлы ақпарат «ШҚО әкімдігінің қауырт желісі» жобасы аясында облыс тұрғынынан келіп түскен арнайы ұсыныс негізінде жасалып отыр.

Өзбекстандағы қандасымыз Риода үштіктен көрінсін деп тілеймін - Нұрбақыт Теңізбаев, грек-рим күресінен Олимиада жүлдегері

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы қандасымыз Елмұрат Тасмұратов Рио Олимпиадасында үздік үштіктен көрінсін деп тілеймін. Бұл туралы грек-рим күресінен Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев өзінің фейсбуктағы жеке парақшасында мәлім етті.

Белгілі қазақстандық тұлғалар Ниццадағы лаңкестік жайлы: Әлемде үндестік заңы бұзылды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері 14 шілдеде Францияның Ницца қаласында болған лаңкестік оқиғаға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Алматылықтар Ниццадағы лаңкестікке байланысты Францияның Бас консулдығына гүл шоқтарын әкеліп жатыр

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Францияның Ницца қаласында болған лаңкестік оқиғадан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтуда.

Қазақстан Ниццада орын алған қатыгез зомбылық актісін үзілді-кесілді айыптайды - ҚР СІМ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 14 шілдеде кешкілік Ниццада орын алған, соңғы мәлімет бойынша 84 адам қаза тауып, 120-дан астам адам жараланған қатыгез зомбылық актісін үзілді-кесілді айыптайды, деп мәлімдеме жасады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.