ru24.pro
World News in Kazakh
Май
2016

Новости за 31.05.2016

Хакерлер 90 млн-дай жазылушысы бар әншінің туиттерін иемденіп кетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз хакерлер 89 млн жазылушысы бар әнші Кэти Перридің Туиттердегі аккаунтын бұзып, онда балағат және ар-намысқа тиетін жазбалар орналастырған, деп жазады techcrunch.com.

Атырау облысында қаңтар-сәуір айы аралығында 11,4 млн тонна мұнай өндірілген

Казинформ 

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында қаңтар-сәуір айы аралығында 11,4 млн тонна мұнай, 5,4 млрд текше метр газ өндірілген, деп хабарлады облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев.

Пластик құты тісті бүлдіреді - ғалымдар

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зерттеушілер пластик бөтелкені пайдалану балалардың тістерін бүлдіреді, деген тұжырым жасады. Бұл туралы naked-science.ru жазды.

ШҚО-да аудан орталығында ақын Абайға 7 метрлік ескерткіш орнатылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында ұлы Абайдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Биіктігі 7 метрдей тас тұғыр орталық алаңның ажарын аша түсті, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

АУА РАЙЫ: 1 маусымда елімізде жел күшейіп жаңбыр жауады, солтүстіктің кей жерлерінде үсік жүреді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, шығыста бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз болады.

Дінаралық келісім мен бейбітшілікті дамытуда парламенттік дипломатияның маңызы зор

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанада «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясының қатысушыларымен кездесті.

Мәжілісте 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесі талқыланды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Бүгін Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес отырысында 12 жылдық білім беруді енгізу және мектептегі оқу бағдарламасы стандарттарын жаңарту мәселелері талқыланды.

Ақтөбе кондитерлік фабрикасы инвесторлар іздейді

Казинформ 

АҚТӨБЕ. ҚзаАқпарат - Кеңес дәуірінде танымал болған Ақтөбе кондитерлік фабрикасы инвесторға мұқтаж. Кәсіпорын тоқтап тұрғандар тізімінде. Бұл туралы облыстың Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Ермағамбетов баспасөз конференциясында хабарлады.

Б. Ізмұхамбетов БАӘ федералдық ұлттық меджлисі спикерлерімен халықаралық өзекті мәселелерді талқылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Астанаға «Дін лаңкестікке қарсы» халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген БАӘ Федералдық Ұлттық Меджлисінің төрайымы Амаль Абдалла Әл-Кубейси бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған автобус жүргізушісі жұмыстан босатылады (ВИДЕО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда жолаушы тасымалдаушы автобус жүргізушілерінің бірі жол қозғалысы ережесін өрескел түрде бұзды. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісін пайдаланушылардың бірі өз парақшасында тиісті бейнетаспаны жариялады. Онда автобустың қарсы жолаққа түсіп алып, үлкен жылдамдықпен бағдаршамның қызыл шамының жанғанына қарамастан жол қиылысынан өте шыққаны бейнеленген.

Ақтөбеде индустриалдық аймақ құрылысы аяқталды

Казинформ 

АҚТӨБЕ.  ҚазАқпарат  -  «Ақтөбе» индустриалдық аймағының құрылысы аяқталды. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында облыстың индустриалдық-инновациялық даму  басқармасының м.а. Д. Ермағамбетов хабарлады.

Биыл киік арасында пастереллез анықталған жоқ - ҚР АШМ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда киік миграциясын қолдан басқару бойынша шаралар атқарылуда. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдулданов мәлім етті.

Қазақстанда төлем нарығы қатысушыларының қызметін реттеу үшін құқықтық негізді құру керек

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мен төлем нарығы қатысушыларының қызметін реттеу үшін құқықтық негізді құру қажет. Бұл туралы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасына қатысты сауалдарға жауап беру кезінде Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаменті директорының орынбасары Ерлан Ашықбеков мәлім етті.

ЕАЭО елдері мұнай және мұнай өнімдерін нарықтық бағамен шектеусіз көлемде сатып ала алады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшылары мұнай, мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекітті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлім етті.

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ: Санкт-Петерборда құрылған тұңғыш қазақ студент жастарының ұйымы - «Жерлестер»

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жерлестер» - қазақ тарихындағы тұңғыш жастар ұйымы. Ұйымды ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Санкт-Петербор университетіне білім, ғылым, өнер үйренуге барған Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Мәмбетәлі Сердалин, Бақтыгерей Құлманов, Абдолла Теміров сынды бір топ қазақ жастары құрған болатын.

ҚР Ұлттық банкі «төлем жүйесінің» түсінігін заңнамалық тұрғыда регламенттемек

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі «төлем жүйесінің» түсінігін заңнамалық тұрғыда регламенттеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің Төлем жүйелері департаменті директорының орынбасары Ерлан Ашықбеков мәлім етті.