ru24.pro
World News in Kazakh
Май
2016

Новости за 05.05.2016

ЕСКЕРТУ: 6 мамырда ОҚО-ның жекелеген өзендерінде су тасуы мүмкін

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 мамырда болжанып отырған күшті жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасз қызметінен.

Франкфурт қаласында атыс болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Майндағы Франкфурт қаласында белгісіз біреулер көліктен оқ атып, 3 адамды жаралады, оның екеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Талдықорғанда Ж.Үшкемпіровтің 65 жылдық мерейтойына арналған халықаралық турнир өтіп жатыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 мамыр күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында қазақтың Тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің 65 жылдық мерейтойына арналған грек-рим күресінен жастар арасында Халықаралық турнир басталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

ОҚО ІІД басшысының орынбасары тағайындалды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл қызметке бұрын Шымкент қаласы ІІБ «Қаратау» ауданының полиция бөлімін басқарған Қалаубаев Әсілхан Сәулеханұлы тағайындалды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Қайыңдарды отаған Қостанай облысы тұрғыны қамауға алынды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір жұртшылығы ағаш егіп әлектеніп жатқанда, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының 39 жастағы тұрғыны 21 қайыңды оталаймын деп тәртіп сақшыларының құрығына ілікті, деп жазады kostanaytany.

АЭФ: Бәсекелестікті ілгерілетудің «жаңа ойын ережелері» арнайы сессияда талқыланбақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 26 мамырда IX Астана экономикалық форумы аясында бәсекелестік мәселелеріне арналған «Бәсекелестікті ілгерілету: жаңа «ойын ережелері» атты сессия өтеді.Бұл туралы АЭФ ұйымдастырушылары хабарлады.

Ілия Жақанов 80 жаста

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл күні осыдан 80 жыл бұрын (1936) жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты ЖАҚАНОВ Ілия дүниеге келді.

Ақорданың баспасөз қызметі «Тәуелсіздік қазақстандықтардың көзімен» атты фотобайқаудың қорытындысын жариялады

Казинформ 

 АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамырда «Тәуелсіздік қазақстандықтардың көзімен» атты фотобайқаудың қазылар алқасының қорытынды отырысы өтті. Ұзаққа созылған пікірталас пен талқылаудан соң жүлделі орындар санын ұлғайту жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлады Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.

АУА РАЙЫ: 6 мамырда еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

ШҚО-да хоккейшінің зайыбын өлтірген адам өмірінің соңына дейін түрмеде отырады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта судья Раушан Игішева хоккейші Евгений Фадеевтің зайыбы - Мария Фадееваны өлтіруде күдікті деп танылған адамдарға үкім шығарды. Қылмыскерлердің бірі өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын алса, екіншісі 16 жылға сотталды, деп хабарлайды YK-news.kz.

Мәскеуде лаңкестік әрекет жасамақ болған ер адам қамауға алынды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласының Преображенский соты ресейлік арнайы қызметтер ел астанасында Жеңіс күнін мерекелеу кезінде лаңкестік әрекет жасамақ болды деген айып таққан Айбек Саидовты қамауға алды.

Қызылорда облысында майдангерлерге құрмет көрсетілді

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, Жеңіс күні меркесіне орай, Ұлы Отан соғысына қатысқан медицина саласының ардагерлері Қалиев Кеңесбай, Колесник Любовь Сергеевна, Шырынкүл Ахметова, Ж.Лепесовтерге және 91 еңбек ардагергеріне құрмет көрсетілді.

Астананың жер аумағы кеңейеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында қаланың шекарасы кеңейе түсетіні мәлім болды. Астана халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағын қайта жөндеу кезінде жаңа терминал салу үшін жалпы ауданы 347,60 га жер телімі бөлінетін болады. Сонымен қатар, жалпы ауданы 1419 гектар жер ҚР Ұлттық пансионын, сондай-ақ, қалалық зират салуға берілмек, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Біздің министрлер журналистерден қашқанда, алдына жан салмайды - Н.Назарбаев

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев журналистерден, жалпы, қоғамнан қашатын шенеуніктер мен саясаткерлерге ескерту жасады.

Елбасы Үкімет жанынан жаңа нормаларды халыққа түсіндірумен айналысатын «жедел желі» құруды тапсырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жанынан жаңа нормаларды халыққа түсіндірумен айналысатын «жедел желі» құруды тапсырды.

Н.Назарбаев: Қоғамдағы тыныштықты нығайту - барлық қазақстандықтың ортақ ісі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  Қоғамдағы тыныштықты нығайту - барлық қазақстандықтың ортақ ісі. Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Президент министрлер мен әкімдерге білім реформасына қатысты сараптама жасауды тапсырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда оқушылардың жазғы демалысын қысқартып,  үш тілде білім беру  жүйесін енгізуге қатысты мәселеде де Үкімет қоғамның пікіріне құлақ асуы керек, - деді бүгін Ақордада кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Міндетті медициналық сақтандыру реформасы бойынша Жол картасын әзірлеу керек - ҚР Президенті

Казинформ 

 АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жаңа Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Н.Назарбаев Үкіметке жер қатынастарын реттеу саласындағы салалық қызметін Ауыл шаруашылығы министрлігіне беруді тапсырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Үкімет жер қатынастарын реттеу саласындағы салалық қызметін Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру тиіс. Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Н.Назарбаев жаңадан Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды.