Б. Ізмұхамбетов БАӘ федералдық ұлттық меджлисі спикерлерімен халықаралық өзекті мәселелерді талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Астанаға «Дін лаңкестікке қарсы» халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген БАӘ Федералдық Ұлттық Меджлисінің төрайымы Амаль Абдалла Әл-Кубейси бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
