ШҚО-да техникалық білім оқу орны ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат Өскеменде Д.Серікбаев атындағы жоғары техникалық колледж ашылды. Жастарға жоғары техникалық білім алуға мүмкіндік беретін бұл оқу орнына тоғызыншы сыныпты бітірген және орта мектептің түлектері қабылданып, он үш мамандық бойынша оқытылады, деп жазады облыстық «Дидар» газеті.
