Қазақстанда 2015 жылы 4 мыңнан астам некесіз бала туылды - А. Хайруллина
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2015 жылы 4360 бала некесіз туылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында «Әйелдердің шығармашалық бастама лигасы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Әсия Хайруллина мәлім етті.
