Қазақстандағы AES компаниялар тобы Өскемендегі жаңа балабақшаның құрылысына кірісті (ФОТО)
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат- Бүгін Астана күні қарсаңында Өскеменде 140 орындық болашақ балабақшаның орнына салтанатты түрде капсула қойды. Жалпы сомасы 405 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік жоба 2014 жылы Өскемен әкімдігі мен Қазақстандағы AES компаниялар тобы және «Орталық Азияның Еуразия қоры» қол қойған корпоративті әлеуметтік жауапкершілік өзара ынтымақтастық бойынша меморандум аясында жүзеге асуда.
