Н.Назарбаев Қытайдың барлық басшыларымен терезесі тең, достық рәуішті әрі сеніскен қатынастар құра білді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың барлық басшыларымен терезесі тең, достық рәуішті әрі сеніскен қатынастар құра білді. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер бойынша көмекшісі Нұрлан Онжанов «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық келіссөздерінің көзге көрінбейтін қырлары» деген тақырыптағы мақаласында осылай деп жазады.
