ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026

Новости за 13.01.2026

Дүрліккен Иран, шарасыз шаруалар, қамаудағы белсенді — AzatNEWS l 13.01.2026

Azattyq.org 

Reuters агенттігі Ирандағы көтерілісте 2 мың адам қаза тапқан болуы мүмкін деген ақпарат таратты. | Қазақстанда соңғы екі жылда шаруа қожалықтары азайған. Пайда жоқ па, бәсекеге қабілетсіз бе? | Қоғам белсендісі Алмасбек Садырбайдың қамау мерзімі тағы ұзарды.

Иран наразының бірін "өлім жазасына кеспек". Трамп наразыларға "көмек келе жатыр" деді

Azattyq.org 

АҚШ президенті Трамп Ирандағы наразыларға "көмек келе жатқанын" жазды. Ал құқық қорғау ұйымы Иран наразылықта ұсталған ер адамды дарға аспақ дейді. Ирандағы көтерілістегі қазіргі жағдайды шолып шықтық. АҚШ президенті Дональд Трамп 13 қаңтарда Ирандағы наразыларды үкімет ғимаратын басып алуға шақырып, "көмек келе жатыр" деді. "Иран патриорттары, НАРАЗЫЛЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗДАР, ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ТИЕСІЛІ ИНСТИТУТТЫ БАСЫП АЛЫҢЫЗДАР!!! Адам өлтіргіштер мен абьюзерлердің есімін есте сақтаңыздар. Олар бұл үшін жауап беретін болады. Читать дальше...

АҚШ-тың Иранға қатысты баж салығы: Қазақстан даму сценарийлерін бақылап отыр

Azattyq.org 

Қазақстан АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отыр. Елдің сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен сауда жасайтын елдерге 25 пайыз баж салығын енгізу туралы шешіміне қатысты осындай мәлімдеме жасады. "Әзірге ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалап жатыр", – деді Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова. "Сонымен... Читать дальше...