ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2016

Новости за 01.12.2016

Бисенғали Тәжіяқов: Еліме қызмет ету - халқыма қызмет ету

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық Банктегі қызметін абыроймен аяқтаған Бисенғали Шамғалиұлын Мемлекет басшысы «Сені жақсы білетінімді ескеріп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы лауазымына тағайындаймын», деп жаңа жұмысына сәттілік тілеген болатын. Осылайша, 2014 жылғы қаңтарда лауазымға тағайындалған Бисенғали Тәжіяқов жақында мемлекеттік қызметтегі жұмысын аяқтады. Бұл күндері әйгілі банкир өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Таразда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай джип-тур өтті

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекелеріне орай Жамбыл облысының аудандарына автоэкспедиция жолға шықты. Сондай-ақ өңірде жеңіл атлеттер жаппай жүгіруге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

КешYOU тобының әншісі тұрмысқа шығады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - КешYOU тобының жас әншісі Ақбота Сейітмағамбет тұрмысқа шығып, топтан кетеді. Бұл туралы Баян Есентаева өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

Кәрім Көкірекбаев: Қазақстан мемлекет ретінде өзінің қуаты мен өміршеңдігін көрсетті

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жамбылдықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО-да ҚР Президентінің сирек кездесетін суреттерінің көрмесі өтті

Казинформ 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай қорық-музей Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған, негізінен Елбасының саяси қызметін қамитын теңдесі жоқ көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оралда «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және тұңғыш Президент күніне орай «Азаттықтың ақ таңы...» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ елінің көшбасшымен, ал көшбасшының халқымен бағы жанды - ресейлік сарапшы

Казинформ 

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының көшбасшымен жолы болды, ал көшбасшының халқымен жолы болды, деп пікір білдірді ресейлік саясаткер, журналист, жазушы және баспагер Георгий Пряхин «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатта. 

ОҚО: «Қазақстанда жасалған» акциясы өтті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Қазақстанда жасалған» тауарларды тұтыну акциясы ұйымдастырылып, басшылық тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақордада Қазақстан Президентінің байрағын көтеру рәсімі өтті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасы арқылы.

«Назарбаевпен басты мәселе туралы» фильм Қытайдың Орталық телеарнасынан бірнеше мәрте көрсетілді

Казинформ 

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Қытайдың Орталық телевизиясынан «Назарбаевпен басты мәселе туралы» атты деректі фильм көрсетілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президентті сарқылмас қуаты үшін бауырлас халықтар құрметтейді - Беларусь елшісі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз энергиясы бауырлас халықтар тарапының шексіз құрмет сезімін тудырады, деп атап өтті өз құттықтауында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов. 

«Еуразия барысы»: Грузия балуандары қола жүлдегер атанды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде Грузия балуандары үшінші орын үшін додада Украина балуандарын 6:2 есебімен ұтып, қола жүлдені қанжығасына байлады, деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе жедел жәрдем станциясына 14 реаномобиль табысталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Жедел жәрдем» ЖШС түрік компаниясының директоры Гүләй Топчу науқастарға барлық жедел медициналық қызмет көрсететін құрылғылармен жабдықталған заманауи «Мерседес» маркалы 14 жедел жәрдем көлігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еуразия барысы»: Моңғолия балуандары финалға шығып, жерлестерімізге қарсылас атанды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде Моңғолия балуандары Украина балуандарын 6:2 есебімен ұтып, финалда қазақ балуандарына қарсылас атанды, деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰОК министр Мұxамедиұлына допингке қарсы ережелерді түсіндіріп берді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының "Қазақстанда допинг пайдаланған спортшылармен бірге бапкерлерді, дәрігерлерді, тіпті соған жауапты мемлекеттік органды жазаға тарту шарасы заңды түрде енгізіледі" деген мәлімдемесінен кейін ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті қазіргі допингке қарсы ережелерге түсініктеме берді. Министрлік келесі жылдан бастап допинг үшін қылмыстық жазаны да енгізуді қарастырып отыр. ҰОК мәліметіне сәйкес, ереже бойынша спортшының айналасындағы мамандарға да санкция салуға болады. Читать дальше...

ОҚО: Отырар ауданында қос мерекеге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Мәдениет сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 1 желтоқсан - ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір білуге қажет жаңа ақпараттың көлемі жылына 30 пайызға өсіп отырады

Bilim-all 

Қазір білуге қажет жаңа ақпараттың көлемі жылына 30 пайызға өсіп отырады. Бұл туралы бүгін Республикалық жастар форумы аясында жастармен кездескен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов айтты.