ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2016

Новости за 29.11.2016

«Сisco» мен «Philips» Астанада өз жобаларын жүзеге асырмақ ниетте

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ASTEX Astana Smart City форум-көрмесі қарсаңында Әсет Исекешев ақпараттық технологиялар саласындағы Сisco (АҚШ, желілік технологиялар саласындағы әлемдік жетекші), Philips (технологиялық тауарлардың ауқымды ассортиментіне ие голландиялық компания), сондай-ақ, АйТи (Ресей, корпоративтік ақпараттық жүйелер жасау, жаңарту және сүйемелдеу үшін шешімдер мен қызметтердің барлық спектрін ұсынатын көпбейінді АТ-холдинг) сияқты трансұлттық компаниялармен кездесті.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі арқылы іскерлік шығармашылығын арттыру

Bilim-all 

Қазақ ою-өрнегі –қазақ халқының ауыз әдебиеті сияқты мәдени шежіресі. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып, осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.

Президент Назарбаев қатысқан «Түнгі студия» хабарының толық видеосы жарияланды

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түнгі студия» бағдарламасының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан саны 29 қараша күні сағат 23.15-тен бастап көрсетілді. Бағдарламаның толық видеосы «Қазақстан» телеарнасының сайтында жарияланды.

Құс төресі - Аққу

Bilim-all 

Аққу – сұлулықтың, тазалықтың, пәктіктің символы. Аққу киелі құс, оны атуға болмайды. Ол көлде мекендейді. Біздің халқымыз аққудың сұлулығын аруларымызға теңейді.

30 қарашада еліміздің солтүстігі мен батысында қар жауады

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Мозаика өнері

Bilim-all 

Мозаика дегеніміз – асыл тастар, шыны сынықтарына, түрлі-түсті қағаз қиындыларынан құрастырылған сурет. Ол аппликация өнерінің бір түрі. Аппликация өнерін дүние жүзі халықтарының бәрі біледі. Мозаика өнері бізге өте ертеден белгілі.

Елбасы күніне неше құжатқа қол қояды

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық телеарнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасына қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күніне неше құжатқа қол қоятынын жəне телеарналардың негізі мақсаты қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батысқазақстандық палуан республикалық «Жас барыс» турнирінің жүлдегері атанды

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен «Жас барыс» республикалық турнирінде батысқазақстандық палуан Сержан Лұқпанов табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның белсенді жастарымен кездесті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында үшкүндік республикалық форум аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық орталығында делегаттарға арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада «Елбасы» әнінің тұсауы кесіледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында белгілі қазақстандық композиторлар - Серікжан Әбдінұровтың «Отан» және Әліби Әбдінұровтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған «Елбасы» әндерінің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды аталған театрдың баспасөз қызметі.

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың салалық бағытын кеңейту жоспарлануда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың салалық бағытын кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Абзал Нүкенов «ҚазМедиаОрталықта» өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Сарапшы Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызына баға берді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мемлекеттің 25 жыл болғандығын білдірмейді. Осындай пікірді Астанада өткен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі» атты халықаралық конференциясында Ресей Федерациясы Экономикалық стратегиялар институтының директоры, профессор Александр Агеев айтты. 

Мәскеуде Елбасы жайлы «Біріншімен бірге» жинағының тұсаукесер рәсімі болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде «Біріншімен бірге» (Рядом с Первым) жинағының тұсаукесер рәсімі болды.  Онда Елбасының ұзақ жылдар бойы тізе қосып, бірге қызмет істеп келе жатқан серіктері өздерінің жадында сақталғандарын жазған екен, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.

Қызылордалық үш спортшы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Астана қаласында белбеу күресінен 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қызылордалық спортшылар жақсы өнер көрсетті,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Мерекелік тарту: Көкшетауда тəулігіне 40 тонна сүт жəне сүт өнімдерін өңдейтін жаңа зауыт ашылды

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Тұңғыш Президент күні қарсаңында сүт жəне ірімшік өңдейтін жаңа зауыт ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Америкалық ғалым: «Хан Шатырдағы» сауда орындарының иесі қазақстандықтар болуы тиіс

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні мен еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» атты халықаралық конференция кеше Астанада сәтімен өтті. Қазақстан, Ресей, Түркия, Финляндия және өзге де елдердің парламент депутаттары, министрліктер өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысқан мұндай ауқымды шараны Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі бірлесе ұйымдастырған болатын.

Теңгенің нығаюы екінші деңгейлі тұрғын үй бағасымен байланысты - сарапшылар

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңге бағамының нығаюы екінші деңгейлі тұрғын үй бағасының төмендеуіне ықпал етеді. Бұл туралы «Смарт-Риэлтер» элиталы тұрғын үй агенттігінің директоры Инна Фролова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады. 

Шымкентте автобус шығарылатын болды

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте автобус құрастыратын зауыт іске қосылмақшы, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
Қала басшылығы дайын машиналарды сырттан әкелгенше, қоғамдық көлік бөлшектерін құрастырамыз деген тоқтамға келген. Бұл дәл сол зауытта құрастырылған жеңіл автокөліктерді 30%-ға төмен бағада сатып алуға және автобустардың істен шыққан бөлшектерін оңай алмастыруға мүмкіндік береді. 

Қазақстан студенттері қатысқан ауқымды форум жеңімпазы анықталды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында еліміздің 63 жоғарғы оқу орнынан студенттер қатысқан «Мен жастарға сенемін» гала-форумының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұл көлемі төмендетілмек

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.