ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2016

Новости за 18.08.2016

Түркиядағы жарылыстардан зардап шеккендер саны 14 адамға жетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында болған бірнеше жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 14-ке жетті, олардың ішінде екеуі қарапайым азамат болса, қалғандары полиция мен әскери қызметкерлер. Ал жараланғандар саны 300 адамға жуық, деп хабарлайды euronews.com.

Талдықорғанда 300 орындық аурухана ашылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Талдықорған қаласында Талдықорған қалалық көп салалы аурухана ашылды. Салтанатты жиында қалалықтарды осы маңызды жаңалықпен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады. Дәл осы күні аталмыш ауруханаға жұмысқа шақырылған қызметкерлердің 7-еуіне жаңа пәтер кілттері берілді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

РИО-2016: Екатерина Ларионова жұбаныш белдесуінде алғашқы жеңісіне жетті

Казинформ 

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін  әйелдер күресінен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Екатерина Ларионова жұбаныш белдесуін сәтті бастады,  хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Тимур Құлыбаев Данияр Елеусіновті жеңісімен құттықтады

Казинформ 

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің және Қазақстандық бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев боксшы Данияр Елеусіновті Олимпиада ойындарындағы алтын медалімен құттықтады, деп хабарлады Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Әділбек Ниязымбетов Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Казинформ 

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов финалда  кубалық   боксшы Хулио Сесар ла Крусқа жол беріп, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. 

Риода Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хаты тапсырылды

Казинформ 

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Қазақстан үйінде баспасөз мәслихаты өтіп, осы орайда Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов  Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хатын тапсырды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Елсияр Қанағатов: Лондондағы жетістікті қайталай алатынымызды спортшыларымыз дәлелдеп жатыр

Казинформ 

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Лондондағы жетістікті қайталай алатынымызды спортшыларымыз дәлелдеп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

Алматыда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында 120 жас отбасына пәтер кілті табыс етілді

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы аясында 120 жас отбасына салтанатты жағдайда пәтер кілті табыс етілді. Оларға жаңа пәтерлер Алатау ауданының «Саялы» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден берілді.

Әнші Ademi: «Мен Жанель Сәдуақастың өнерін аса жоғары бағалаймын»

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық Жанель Сәдуақас жақында «Балалар жаңа толқыны» байқауы өткен Артек лагерінен оралды. Жас әнші «қола» жүлдеге қол жеткізіп, байқау тарихында бұрын-соңды болмаған ең көп қолдаушылар жинағаны үшін сыйлық алды, деп жазады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауыр атлеттерді шеттету туралы IWF шешімін Қазақстан, Ресей және Беларусь бірлесіп даулайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық төрелік сотында (CAS) Қазақстан, Ресей және Беларусь ауыр атлетика федерациялары ауыр атлеттерін шеттету жөніндегі халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) шешіміне дауласады, олардың талап-шағымы  бірге қаралады, деп мәлімдеді Ресей ауыр атлетика федерациясының президенті Сергей Сырцов. Бұл туралы Р-Спорт хабарлады.  

Гюзель Манюрова Рио-2016 ойындарын жеңіспен бастады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшысы және Рио-2016 ойындарындағы олимпиадалық құраманың басты үміті Гюзель Манюрова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

ҚР Президенті Жер кодексіне түзетулерге мораторийді ұзарту себептерін түсіндірді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жер кодексіне түзетулерге мораторийді ұзартты, бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Жер реформасы бойынша комиссия қызметі  туралы кеңес қорытындысында белгілі болды.

Танымал әртіс Владимир Толоконников Қостанайда ауруханаға түсті

Казинформ 

ҚОСТАНАЙ.  ҚазАқпарат - М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры труппасының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, РФ мемлекеттік сыйлығының лауреаты Владимир Толоконников Қостанай облыстық ауруханасына жедел түрде жатқызылды.

Ұстаздар қауымы қағазбастылықтан арылады - Д.Назарбаева

Bilim-all 

Қазақстанда мектеп ұстаздары қағазбастылықтан арылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жер кодексіне түзетулерге мораторийді 5 жылға ұзартты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Жер реформасы бойынша комиссия қызметі  туралы кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толықтай өзгереді - Д.Назарбаева

Bilim-all 

2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгереді. Бұл туралы бүгін Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.

ҚР БҒМ мұғалімдер жалақысын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады

Bilim-all 

ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімдер еңбегін төлеу жүйесін өзгертуді жалғастырады. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

Алматыдағы барахолка жайма базарындағы өрт ауыздықталды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы барахолка жайма базарындағы өрт 18 сағат 43 минутта ауыздықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

2017 жылдан орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін меңгеру кемшіліктері жойылады

Bilim-all 

Алдағы жылдан бастап орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.