ru24.pro
World News in Kazakh
Июнь
2016

Новости за 28.06.2016

Мәскеуде «Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті

Казинформ 

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Халықаралық Мәскеу кинофестивалі аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті.

Тынық мұхиты пластик қоқыстардан тазартылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік теңізде су бетінде қалқып жүретін пластик қоқыстарды сүзетін бөгет орнатылды. Жобаны 22 жастағы голландиялық зерттеуші Боян Слэт ұсынған, деп хабарлады 24.kz.

WADA Алматы антидопингтік зертханасының жұмысын тоқтатты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - WADA (Бүкіләлемдік антидопингтік агенттік)  Алматы антидопингтік зертханасын халықаралық стандарттарға сай еместігіне байланысты аккредиттеу құқығынан айырды, деп хабарлайды Би-би-си.

Алматыда өзен арналары кеңейтіліп, қоқыстан тазартылуда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айында толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын біраз әбігерге салды. Қала көшелерінің барлығы дерлік суға толып, арық жүйелері мол су өткізуге қауқарсыз екенін көрсетті. Қазірдің өзінде тау бөктерінде орналасқан 70 үй мен 50-ге жуық нысанды су алып кету қаупі бар. Сондықтан коммуналдық шаруашылық қызметкерлері бүгінде Есентай және Қарасу өзендерінің арнасын кеңейтіп, қауіпті деген жерлерді нығайтып  жатыр.

АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінен  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты елдің солтүстігінде, шығысында және Республиканың орталығында жауын-шашын сақталады, қалған аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман болады, жел күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Қазақстанда кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы қарызы 1,6 млрд теңге - Т.Дүйсенова

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы қарызы 1,6 млрд теңгені құрайды. Бұл тураулы бүгін ҚР Үкіметі отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

К. Мәсімов Қазақстан аумағындағы ауру малдардың өлексесі көмілген орындардың күзетін күшейтуді тапсырды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан аумағындағы ауру малдардың өлексесі көмілген орындардың күзетін күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның әуе кеңістігіне қатысты егемендігі нақтыланады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Алматыда Орталық Азия сарапшылары туберкулезді трансшекаралық бақылау және емдеу мәселелерін талқылады

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда еларалық жұмыс топтарының «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты екінші аймақтық кездесуі өтті.

Үкімет отырысында жалақы мәселеcі тыңғылықты қаралады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі аптада өтетін ел Үкіметінің  селекторлық отырысында жергілікті әкімдер шағын және орта кәсіпорындардағы қызметкерлерге жалақы төлену  мәселесі қаралады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Маңғыстауда жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда тұңғыш рет облыстық жастар ресурстық орталығында жастар ұйымдары жетекшілері мен белсенділерінің үйлестіруші жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ доллары 339,08 теңге

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. 

СҚО-да қыдырымпаз басшы қызметінен босатылады (ФОТО)

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ - 27 маусымда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен өткен кеңестің кезекті отырысында 8 мәселе қаралды.

Журналистердің кәсіби біліктілігінің арқасында халықтың ақпараттану деңгейі артуда - Ақмола облысының әкімі (ФОТО)

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін құттықтады.

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов журналистерді мерекесімен құттықтады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат күні қарсаңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысынан бес спортшы Рио-де-Жанейроға барады

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚАЗАҚПАРАТ - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI Олимпиада ойындарына жолдама алған жамбылдық спортшылармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының әкімдігі метан газын барлау жобасын жалғастыруға 2 млрд. теңге сұрап отыр

Казинформ 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков көмір қабаттарынан метан газын барлау бойынша жобаны жалғастыруға республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін Үкіметен көмек сұрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»тілшісі.