ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2016
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31

Новости за 24.01.2016

Оңтүстік Азия елдерінде күн күрт суытып кетті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда екі күннен бері курорттар орналасқан Чеджу аралына әуе рейстері тоқтатылды. Аралды соңғы 30-40 жылда түспеген қалың қар басып қалды.

ШҚО-да паромда қалған жолаушылар құтқарылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күршім ауданынан Бұқтырма су қоймасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға шыққан паром жағадан 700 метр жүзгеннен кейін Казнаковка өткелінде аяқасты тоқтап қалған, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

25 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында қар жауады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Петерборда құтқарушылар өрт кезінде зардап шеккен зейнеткерді өлді деп ойлап, бетін жауып қойған

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордағы Пионерский көшесінде тұрғын үйден өрт шықты. Үйден 17 адам эвакуацияланды. Оның ішінде ТЖМ қызметкерлері бастапқыда  қаза тапты қабылданған зардап шеккен зейнеткер де бар.

Боранға байланысты «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» күре жолында көлік қозғалысы жабылды

Казинформ 

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 24 қаңтарда сағат 15:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран) республикалық маңыздағы «Қарағанды-Аягөз-Боғаз автожолында (707-900 шақырымдар, Аягөз қаласы - Ақсуат ауылы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту маңызды - Т. Құлыбаев

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің денсаулық сақтау саласында  мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту маңызды. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралға Төрағасы Тимур Құлыбаев Фармацевтика, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитеті Хатшылығының былтырғы жылды қорытындылаған алқа мәжілісінде мәлім етті.

«Каустик» АҚ-да зардап шеккен жұмысшыға қан қажет - Павлодар

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  «Каустик» АҚ-да орын алған оқыс оқиға кезінде зардап шеккен 27 жастағы Дәурен Нұрғалиевтің туыстары әлеуметтік желілер арқылы павлодарлықтардан қан тапсыруды сұрауда.

Ресейлік боксшы Коробов 23 сәуірде әлем чемпионы Головкинмен айқасуы мүмкін

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер ресейлік Матвей Коробов Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (ВБА),  «Халықаралық бокс федерациясы (ИБФ)  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (ВБС) тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион қазақстандық Геннадий Головкинмен айқас өткізу туралы келіссөз жүргізуде.

Қазақстанда 8 сағаттан кем жұмыс берілетін мамандық жоқ - Әлеуметтік даму министрлігі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына жауап бере отырып, «Қазақстанда 8 сағаттан кем жұмыс істейтін мамандық түрі бар ма?» деген мәселенің мән-жайынан хабардар етті.

ШҚО-да «Мақаншы-Жалаңашкөл» жолында көлік қозғалысы тоқтатылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Шығыс Қазақстан облысында 24 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Мақаншы-Жалаңашкөл»  (0-133 шақырым) облыстық маңызы бар жолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

2016 жылы күнтізбеге жаңа мейрам енгізу жоспарда жоқ - ҚР ДӘДМ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2015 жылы күнтізбеге жаңа мереке күнін енгізу жоспарда жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына жауап берген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Атырауда бензин тасымалдайтын көлік өртеніп, бір адам қаза тапты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Атырауда бензовоз көлігі жарылып, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқан адамның сол шақта бензин тасымалдайтын көліктің цистернасын дәнекерлеп жатқаны анықталды. 

Түркияда өртенген құны 6 млн долларлық яхтаның капитаны Украина азаматы болып шықты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Фетхие курортты қаласының портында 21 қаңтарда  өртке оранған «Королева Анна» яхтасының  капитаны  64 жастағы Украина азаматы Владимир Лопата болып шықты.

Қанат Ислам таяу күндері АҚШ-қа ұшады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Белгілі қазақстандық боксшы Қанат Ислам таяу күндері АҚШ-қа ұшпақ. Боксшының не үшін баратыны әзірге белгісіз.