ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2016
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31

Новости за 21.01.2016

Адам қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды - Ақтау

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қаңтарда Ақтау қаласындағы 12 шағынауданда Тергеу оқшаулағышының ғимаратына қарсы  жолда адам қағып кетіп, апат орнынан бой тасалаған Mersedes-Вenz жүргізушісіне іздеу жариялады.

Алматыда 10 адам шошқа тұмауын жұқтырған

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы қаласының дәрігерлері әлеуметтік желілерді әр түрлі тұмау салдарынан орын алған өлім-жітім туралы қауесеттерге байланысты түсініктеме берді.

Қазалыда БҰҰ даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске асты

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалыда БҰҰ даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске асты. Бұл туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов «Жаңа  технологияларды енгізу арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу»  гранттық жобасы аясында өткізілген өңгелек үстелде хабарлады. 

Ресейде доллардың бағамы 83 рубльге көтерілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу биржасындағы сауда ашылғанда доллардың бағасы 83 рубльден асты. Кеше америкалық валютаның биржалық бағамы деноминация кезінен бергі ең жоғары көрсеткішке жетіп, тарихында алғаш рет рекордтық деңгейде болды.

ҚР Ұлттық банкі теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жалғастырады - Д. Ақышев

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жалғастырады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

ХҚҚДБ Жастар корпусы жобасын дамытуға 21,7 млн доллар бөледі

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда «Қазақстан Республикасы мен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚҚДБ) арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Дуальді білім беру жүйесіндегі колледждер түлектерінің 78 пайызы жұмыспен қамтылуда

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дуальді білім беру жүйесін енгізілген колледждер түлектерінің 78 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде техникалық және кәсіптік білім беру тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында  Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев  мәлім етті.  

WTI мұнайы сүттен де арзанға сатылып жатыр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы сәрсенбіде 2003 жылдың мамыр айынан бері ең төменгі көрсеткішке түсті, соның салдарынан АҚШ-тағы мұнайдың бағасы сүтке қарағанда екі есе арзан болды, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Құтқарушылар Семейді су басқан жағдайда ықтимал эвакуациялау туралы ескертті

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Ертіс өзені мен Семей ағысындағы су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты Семей өңірінде бірқатар тұрғын үйлерді су басу қаупі туындауда, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тәжірибеден өтіп жүрген студенттерге 60 мың теңге көлемінде жалақы берілуде - Е. Иманғалиев

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта  тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге 60 мың теңге көлемінде жалақы берілуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде техникалық және кәсіптік білім беру тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында  Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті. 

Ұлттық паралимпиадалық комитеттің жаңа бас хатшысы сайланды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық паралимпиадалық комитет» ҚБ атқарушы комитетінің кезекті отырысы болып өтті, онла ҰПК-нің президенті Қайрат Боранбаев ұжымға ҰПК-нің жаңа бас хатшысы Диас Сүлейменовті ресми түрде таныстырып өтті.

Астанада ең көп сатылған көліктің VIP нөмірі - 001

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Астана қаласында жеке автокөлік иелері 1 мыңнан аса VIP-номерлер сатып алған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан қабылдау жұмыстары жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Елдар Данияров хабарлады.

Атырау қалалық қорғаныс ісі басқармасы бастығының орынбасары ұсталды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қалалық қорғаныс ісі басқармасы бастығының орынбасары М.Орынбеков пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлер өзін-өзі өлтірмек болған Екібастұз тұрғынын аман алып қалды

Казинформ 

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Екібастұз қаласының полициясына Энергетиктер көшесі бойындағы тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатынан бір әйелдің секірмек болған әрекеті жайында қоңырау келіп түсті.

Аса ірі мөлшерде героин тасымалдаған азаматша 15 жылға сотталды - Жамбыл облысы

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізген И.Девятованы кінәлі деп тапты.

Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин зейнеткерлікке шықты (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 19 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалинді зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты атқарып отырған жұмысынан босату туралы қаулыға қол қойды.

Әлемдегі бай футбол клубтары соңғы маусымда 5 млрд доллардан астам пайда тапты

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең бай футбол клубтарының жиырмасы өткен маусымдағы ойындарда 5 миллиард доллардан астам пайда тауып, жаңа қаржы табысының рекордын орнатты, деп хабарлайды Би-Би-Си агентігі.

«ҚазАгро» банктерді 2016 жылдың егіс науқанын қаржыландыруға тартады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық холдингі 2016 жылдың егіс науқанына дайындықты бастады. Алдағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру кезіндегі Холдингтің негізгі міндеті - несие ресурстарын алу үшін отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүмкіндіктерін барынша кеңейту.