ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2015

Новости за 21.12.2015

Алматыда триатлоннан ашық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда триатлоннан өткен «Indoor Триатлон-2015» ашық біріншілігінің жеңімпаздары белгілі болды. Оған қатысушылар 500 метрлік қашықтыққа суда жүзіп, 20 шақырымға велосипедпен жарысып, 5 шақырымға жүгіріп бақ сынасты.

Н.Назарбаев: ЕАЭО-ны құру - дұрыс шешім, енді әрі қарай қадам басу керек

Казинформ 

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік лидер Владимир Путинмен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің өзара ықпалдастық мәселелері, сонымен қатар екі елдің ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды.

ЭКСПО-2017 қарсаңында Астана əуежайында жаңа жолаушылар терминалы салынады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында Астана халықаралық əуежайында жаңа жолаушылар терминалы салынады. Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин мəлім етті. 

Қазақстанда 200-ден астам Кеңес Одағының Батыры туралы тың деректер табылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары туралы фильмдер сериясының көрсетілімі өтті.

Сенат спикері Апостол нунциін қабылдады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканның Қасиетті тағы елшілігінің Апостол нунциі Архиепископ Мигел Маури Буендианы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Ертең Астанада дабыл жүйесі іске қосылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 желтоқсан күні сағат 09.00-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті телерадио арналарды ұстап қалумен, электр дабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді. 

2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды - ҚТЖ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы теміржол билеттерінің бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Қамалиев мәлім етті.

Қызылорда облысының әкімі Наталья Годунованы «Нұр Отан» партиясының Хатшысы болып тағайындалуымен құттықтады

Казинформ 

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунованы облыс активінде қабылдап, жаңа қызметімен құттықтады. 

Астанада қаланы жаппай қоғамдық ғаламтормен қамтамасыз ету жолға қойылмақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы әкімдігінің аппарат отырысында қала басшысы Әділбек Жақсыбеков қалалық қызметтер мен халықтың өзара ықпалдастығындағы өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Алматыда көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етілді

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының Медеу аудандық әкімдігінде екі батыр анаға ерекше құрмет көрсетілді.  Аудан тұрғындары - Софиахан Әлімова «Алтын алқа», ал Полина Кузьмина «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.

Петропавлда 2015 жылы сумен қамту жүйесін жөндеуге 387 млн. теңге бағытталды

Казинформ 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда су тарату желілерін жөндеу үшін «Қызылжар су» кәсіпорны шамамен 600 млн. теңге бағыттады. Бұған инвестициялық бағдарламаның жүзеге асуы мүмкіндік берді.

Елбасы мен РХДУ ректоры ҚР және РФ жетекші ЖОО-ларының өзара ықпалдастығын талқылады

Казинформ 

АСТАНА-МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің халықтар достығы университетінің ректоры Владимир Филипповпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Алматыда 4 күннің ішінде 4092 жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзған

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда небәрі 4 күннің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзған 4092 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Байқоңырдан ХҒС-қа жаңа сериялы алғашқы «Прогресс МС» кемесі ұшырылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Жаңа сериядағы алғашқы жаңғыртылған «Прогресс МС» көліктік кемесі «Союз» зымыран-тасығышында Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылды, деп хабарлады РИА Новости Роскосмос өкіліне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жеке кәсіпкерліктің әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік береді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа заңда жеке кәсіпкерліктің әлеуетін барынша пайдалануға бағытталған жаңалықтар еніп отыр. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының бес институттық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша заңнамалық жаңалықтар мен ережелерді түсіндіру жөніндегі семинарда ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Мемлекеттік бюджетке түсім 3,8 млрд. теңгеге артады - Қызылорда

Казинформ 

  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Желтоқсанындағы мәліметке сәйкес Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік бюджетке жыл басынан бері 70,6 млрд. теңге құйылып, болжам 1,4 млрд. теңгеге артығымен орындалды.

Блаттер мен Платини футболдан 8 жылға шеттетілді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА президенті Зепп Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платини әрқайсысы 8 жылға футболмен шұғылданудан шеттетілді, деп хабарлады AFP. Мұндай шешімді ФИФА-ның этика жөніндегі комиссиясы қабылдады. 

Астана полицейлері шырша сатудың заңдылығын тексереді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Астана қалалық Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Шырша» жедел алдын алу шараларын өткізеді. Шараның мақсаты - табиғатты қорғау органдарына жәрдем беру бойынша қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, тасымалдау және сатудың жолын кесу.