Алматыда көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының Медеу аудандық әкімдігінде екі батыр анаға ерекше құрмет көрсетілді. Аудан тұрғындары - Софиахан Әлімова «Алтын алқа», ал Полина Кузьмина «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.
