ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2015

Новости за 21.11.2015

Таразда Тұңғыш Президент күні қарсаңында 40-тан астам отбасы жаңа пәтер иеленді (ФОТО)

Казинформ 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында салынған көппәтерлік тұрғын үй Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Иран мұнай өндірісін тәулігіне миллион баррельге арттырмақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеран 5-6 айдың ішінде мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 1 миллион баррельге өсіреді, деп хабарлады тілшілерге Иран мұнай министрінің орынбасары Әмір Хоссейн Заманиния, деп жазады РИА Новости.

Алматыда 2017 жылғы қысқы Универсиаданы өткізуге 5 мың адам жұмылдырылады

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2017 жылы өтетін бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге барлығы 5 мыңдай адам жұмылдырылады. Олардың ішінде ұйымдастыру комитетінің қызметкерлері және еріктілер бар. Волонтерлер әлі де қабылданып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім өндірушілермен ынтымақтасу форумы барысында Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің директоры Әсет Әбдуәлиев мәлім етті.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Көкшетауда жаңадан салынатын шіркеудің орнын аластады (ФОТО)

Казинформ 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасындағы Орыс православ шіркеуінің Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Көкшетауға келді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен. 

Орысша оқушылар

Bilim-all 

5-ші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге етмихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қазына һәм стипендия орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары, ауқаты көтерсе, өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пәтерде тұрып, сонан келіп оқып жүреді я жылына 150 сом төлеп школдан тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады.

Норвегиялық технология Қазақстан бюджетіне ондаған млрд. доллар кіріс әкеле алады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Осло қаласында «NordDevelopment» бас директоры Александр Хрольдің басшылығымен Норвегия-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

2017 жылғы қысқы Универсиаданың бюджеті 17 млрд. теңгеге қысқартылды - Ә.Әбдуәлиев

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2017 жылы өтетін бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың бюджеті 17 млрд. теңгеге, яғни екі есеге дейін қысқартылды. Бұл туралы бүгін Алматыда Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім өндірушілермен ынтымақтасу форумы барысында Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің директоры Әсет Әбдуәлиев мәлім етті. 

Қазақстандық Регина Вандышева Қытайдағы «Әлем аруы-2015» халықаралық байқауына аттанды (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 жастағы «Қазақстан аруы-2014» Регина Вандышева Қытайға (Санья) сапар шегіп кетті, ол 65-ші «Әлем аруы-2015» халықаралық сұлулық байқауында республикамыздың намысын қорғамақ.

Талдықорған әкімі каратэден әлем чемпионымен кездесті

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорған әкімі Бағдат Қарасаев киокушинкай каратэден әлем чемпионы, өз титулын Ресейдің Хабаровск қаласында өткен біріктірілген чемпионатта жеңіп алған Мерей Сүйіновті қабылдады.

ЕАЭО елдері үшін бірыңғай сатып алу жүйесі 2016 жылы жұмыс істей бастайды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін бірыңғай сатып алулардың жүйеленген жүйесі 2016 жылы шектеулі режімде жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Мәскеуде ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдары басшыларының кеңестің соңында тілшілерге Ресейдің Монополияға қарсы федералдық қызметінің басшысы Игорь Артемьев мәлім етті.

Алматыда спорт нысандарын басқару дирекциясы құрылды (ФОТО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 2017 жылы болатын бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына арнап салынған спорт нысандарын басқару жөнінде дирекция құрылды. Бұл туралы бүгін Алматыда Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім өндірушілермен ынтымақтасу форумы барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті. 

Бесікке бөленген сәби

Bilim-all 

Бала әуелде сәбилерге арналған төсекке жатқызылған еді. Сонан соң бір күні: "Осы бала тым еркінсіп бара жатыр. Бұл үлкейген сайын айтқанымызды қылмайтын болады әлі. Мұны бесікке бөлеп тастау керек" деген дауыс естілді.

Мали астанасындағы лаңкестіктен қаза тапқандар арасында ресейліктер бар - РФ СІМ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мали астанасындағы лаңкестік кезінде қаза тапқандардың арасында ресейлік азаматтар бар. Бұл туралы ТАСС агенттігіне  РФ СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова хабарлады.

ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесі берілуі мүмкін - Ж.Айтжанова (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚР Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова мен дипломатиялық корпустың қатысумен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы: Қазақстан Конституциясы тұрақтылықты қолдап, халықты жұмылдырады (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының Қоғамдық ғылымдар академиясы шығаратын «Шыңжаңның қоғамдық ғылымдары» (Social sciences in Xinjiang) журналының кезекті санында Қазақстандағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі Конституцияның рөлі туралы мақала жарияланды.

Лондонда аты аңызға айналған британдық жұптың Қазақстанға экспедициясы туралы Н.Филдингтің кітабы таныстырылды (ФОТО)

Казинформ 

АСТАНА-ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондондық Корольдік географиялық қоғамда британдық жазушы Ник Филдингтің «South to the Great Steppe: The Travels of Thomas and Lucy Atkinson in Eastern Kazakhstan, 1847-1852» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Дүниеде лаңкестік әрекеттер тыйылар емес

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан аптада ішінде әлемдік сарапшылардың басым бөлігі Парижде орын алған бірқатар лаңкестік әрекеттерді тергеу амалдарына назар аударған болатын. Алайда, апта ішінде ғаламшардың басқа да өңірлерінде бірқатар қайғылы оқиға орын алды. Мәселен, Малидегі «Radisson Blu Hotel» қонақ үйіне, Тель-Авивтегі синагогаға шабуыл жасалды. Иордан өзенінің батыс жағалауындағы еврейлер қоныстанған Гуш-Эцион елді мекенінде де қанды қырғын жасалды.

Алматы облысында қар көшкіні болды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қараша күні Кіші Алматы өзенінің бассейнінде жалпы көлемі  250 м3 болатын екі қар көшкіні (№ 34 және 40 қар көшкіні жинақтаушыларында) орын алды. 

Алматыда ынтымақтастық форумында қысқы Универсиадаға әзірлік мәселелері талқыланды (ФОТО)

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда 2017 жылы өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық барысы аясында отандық өнім өндірушілердің ынтымақтастық форумы өтті. Оған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілдері, сонымен қатар түрлі салада қызмет атқаратын белгілі қазақстандық компаниялардың басшылары қатысты.