Ресми ісқағаздар стилі
Ресми ісқағаздар стилі — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен ісқағаздарының стилі деп те аталады.
Ресми ісқағаздардың мынадай түрлері бар:
1. Азаматтық қарым-қатынас құжаттары (сенімхат, кепілхат, келісімшарт, еңбек шарты т.б.).2. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар (өмірбаян, түйіндеме, өтініш, мінездеме, жеделхат т.б.).3. Басқару, ұйымдастыру құжаттары (Жарғы, үкім, жарлық, ереже, бұйрық, хаттама т.б.).
Ресми ісқағаздар стиліне тән құжаттардың тіліне белгілі бір талаптар қойылады. Олар: сөздің дәлдігі мен бірмағыналылығы, жүйелілігі, дәлелділігі, ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.
Ресми ісқағаздар стилінде жазылған мәтінге қойылатын талаптар болады.
Олар:
• лексикада — ресми құжаттар мен ісқағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді ғана орнымен...