ru24.pro
Bilim-all
Ноябрь
2024
1
2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Публицистикалық стиль

0

Публицистика (лат. publіcus – «көпшілік», «әлеумет») термині «қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау» деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функционалдық стильдердің бірі. Публицистика – қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуіне атсалысатын айбынды құралы. Бұл стиль тыңдарман мен оқырмандардың арасына кең таралуымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен сипатталады. Тілші-ғалымдар публицистикалық стильдің жазбаша түріне газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, ал ауызша түріне шешендік сөздерді жатқызып жүр.

Публицистикалық стильге қойылатын талап – қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады.

Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады....