Белбеу тастау
Ойын кең алаңды жазық жерде ойналады. Ойынға қатынасамын деушілерге шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар сан жағынан да, күш-қуаты жағынан да біркелкі екі топқа бөлінеді. Содан соң екі топ бірі-бірінен белгілі бір қашықтыққа, бір-біріне қарам-қарсы сап құрып тұрысады. Екі топтың ортасынан кішірек дөңгелек шеңбер сызылады да, сол шеңбердің ортасына белбеу немесе белге байлайтын басқа бір материал тасталады. Әр топқа өз басқарушылары тағайындалады.
Ойынды бірінші болып жүргізуге кезек алған топтың бастығы кенеттен бір ойыншының атын атайды. Ал екінші топтың басшысы оған жауап ретінде барлық жағынан мүмкіншілігі тең келеді-ау деген қарсы топтың бір ойыншысының атын тез атап үлгеруі керек. Аттары аталған екі ойыншы шеңбердің...