Қамалды қорғау
Ойынға мосы, болмаса орындық және жүннен істелген бір доп керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды, жасөспірімдердің барлығы ойнай алады.
Ойын ережесі
Ойнауға тілек білдіргендер үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды, ал бір ойыншы оны қорғайтын болады. Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар қамалды доппен атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты «қамалға» тигізсе сол қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Оқуға кеңес береміз:
Ақбайпақ
Аңшылар
Қазақтың ұлттық ойындарының басқа ұлттар ойындарынан айрықша ерекшеліктері