Соқыртеке
«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.
Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:
«Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ.Қайда кетсе қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.Қолға түскен құтылмас,...