Экономикалық тәуелділік: Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы
Қазақстанның экономикасы - Орта Азия елдері арасындағы ең ірі экономика. Әрине посткеңестік елдер бойынша Ресейден кейінгі орында. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс тарихқа терең бойлайды. 90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi экономикалық дағдарысқа әкелген.
2023 - жылдың қаңтарындағы статистикада еліміздің экономикасы 5,6%-ға өскен. Өткен жылмен салыстырғанда жыл сайын жоғарылауда. Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанның экономикасының өсімі Ресей экономикасымен тығыз байланысты.
Қазақстанның Ресейге экономикалық тәуелділігі бірнеше салалардан көрінеді:
1. Сауда: Қазақстан Ресеймен сауда-саттықта үлкен көлемде жұмыс істейді. Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады, оның ішінде экспорт пен импорт көлемі айтарлықтай жоғары.
2. Инвестициялар: Ресей Қазақстан экономикасына инвестицияларды белсенді түрде жүзеге...