Дене мүшелерінің таласы
Бірде дене мүшелері өзара айтысып қалыпты.
Айтысты Аяқ бастапты. Одан соң Қол, Құлақ, Көз өз пайдалары туралы айтыпты. Ең соңында Мұрын тұрып былай дейді:
— Адам үшін мен пайдалымын, мен болмасам адам иісті сезе алмас еді!
Сол кезде Адам бәрін ортаға шақырып, былай депті:
— Босқа дауласпаңдар, адам үшін бәріңнің де пайдаларың бар.
Аяқ болмаса, адам баратын жеріне жете алар ма еді?!
Қол болмаса, адам тамақ ішіп және әртүрлі жұмыстар атқарар ма еді?!
Құлақ, Көз және Мұрын болмаса, адам ести, көре және ауа жұтып, иісті сезе алар ма еді?!
Бәрің де адамға керексіңдер! Бір-біріңді сыйлап өмір сүріңдер!