Қазақстанда білім беру жүйесінде дінтануды оқыту мәселелері
Қазақстанда білім беру жүйесінде дінтануды оқыту мәселелері
Әшім Жанерке
Абай ат.ҚазҰПУ
Тарих-дінтану 2 курс магистратура
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған байқауға қатысу мақсатында дайындалған»
Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы ел, түрлі этностар мен конфессия өкілдері тұрады. Негізгі діни ағымдар – ислам және православиелік христиандық. Еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің зайырлылығы мен діни сенім бостандығы бекітілген. Атап айтқанда, Конституцияның 1-бабында Қазақстанның демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет екендігі көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің діни сенім бостандығына кепілдік береді, бұл азаматтардың кез келген дінді ұстану немесе ешбір дінді ұстанбау құқығын білдіреді. Демек, мектептерде дінді насихаттауға болмайды, ал діни...