Өкiнiш
Аңсардың сабалақ жүндi ақ бауыр күшiгi бар едi. Өзi иiсшiл. Жасырынбақ ойнағанда Аңсарды демде iздеп таба қояды. Үнемi соңынан ерiп жүредi.
Қазiр де соңынан келе жатыр. Аңсар ойнап жүрген көп балаға қарай келедi. Ол бiр шикi сары баланы көрiп қалды. Әлгi бала қолына қолқылдатып әкесiнiң сағатын тағып алыпты. Сәлден соң бала шынжыр баулы алтын теңгедей сағатымен ойнай бастады. Ойыншық мәшинесіне салып алып шапқылады кеп.
Аңсар бiраз қызықтап қарап тұрды. Қасына келiп: «Сағатыңды менiң күшiгiме айырбастайсың ба? Бұл — ақылды күшiк», — дедi.
Күшiк, шынында, әдемi едi. Әлгi бала келiсе кеттi. Күшiгiн Аңсар да жақсы көретiн, бiрақ күшiгiнiң қайтып келетiнiне кәмiл...