ru24.pro
Bilim-all
Сентябрь
2024
1
2
3
4 5 6
7
8
9
10
11 12
13
14
15
16 17 18
19
20 21 22 23 24 25
26
27 28 29 30

Немере

0

Aқай әкесіне өкпелеп көрген жоқ еді. Өйткені әкесі оның сұрағанын беріп, тілегенін орындайтын.

Осыған орай Ақай да сабақты жақсы оқитын.

Бірақ ол мұны әкесіне айтып мақтанбайтын. Себебі әкесінің онымен сөйлесетін уақыты жоқ.

Ақай алған бағаларын көрсетейін деп дәптерін аша бастаса-ақ, ол: «Жарайды, жарайды, мамаңа көрсет!» — деп қолын бір-ақ сілтейтін.

Бір күні Ақайдікіне ауылдағы әжесі келді. Кешке үй іші тегіс үстел басына жиналған кезде әжесі:

— Ал, Ақайжан, қалай оқып жатырсың? — деп сұрады.

Ақай аузын ашып үлгергенше әкесі жауап берді.

— Не қалайы бар, «оқу» деген аты болмаса, бұлардікі әлі былжырақ қой, — деді ол қолындағы газеттен көз алмай....