Болашаққа немесе өткен шаққа саяхат
— Қалай, балам, бүгін сабақтарыңнан қандай баға алдың? — деді атасы немересі Әлиханға.
— Жаман емес, ата, — деді немересі. — Білім тексеруші автомат «Математика», «Философия», «Ойлау жүйесі», «Шешендік сөздер», «Тіл — кие» пәндері бойынша білімімді жүз пайыз, ал «Ел тарихынан» 80 пайыз деп бағалапты. Мен Қазақия елінің ХХ ғасырдағы тарихынан біраз жайларды нақты білмейді екенмін. Әсіресе кеңестік кезеңді.
— Солай деші, — деді Алдияр атасы немересіне.
— Иә, ол кезең ел тарихындағы ең қиын заман болған екен. Оны сонау 2020 жылдары сенің жасыңда болған біздер де дұрыс оқыған едік. Бұл кезеңді зерттеп, зерделеп оқуың керек, балам. Халқыңның тарихын жетік...