ru24.pro
Bilim-all
Сентябрь
2024
1
2
3
4 5 6
7
8
9
10
11 12
13
14
15
16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Тұсбағдар

0

Қанаттың папасы бір рет ауданға барғанда оған сыйлыққа тұсбағдар әкеліп берді. Үлкендігі сағаттай, жып-жылтыр, қара құтылы әдемі тұсбағдар. Тілінің қара бояулы ұшын қалай айналдырып жіберсең де, қалтырай теңселіп барып, солтүстікті нұсқап тұра қалады.Қанат қуанып кетті. Мұндай тұсбағдар бұл ауылдағы балалардың ешқайсысында жоқ, тек мектепте ғана бар.

Қанат жүгіріп далаға шықты.

— Бодан, қарашы, менің тұсбағдарым бар!

Балалардың назары Қанатқа ауды. Бәрі ойындарын қойып, оны қоршап алды. «Кәне, бере тұршы», — деп, қай-қайсысы да ұстап көруге құштар боп, қолдарын созды.

Бірақ Қанат оларға тұсбағдарын бере қоймады. «Сен кеше бәкіңді беріп пе едің?» — деп, Теміржанның қолын қағып жіберді де, бетін...