Жайлау күні
Жұмаш пен Құрмаш аталарына, жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесіп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейін асық ойнап, тайға мініп, мәз-мейрам болды. Оған күн тез батып кететін секілденді. «Жайлаудағы күннің қысқасын-ай!» — деп налыды ол. Құрмаш болса, кешке дейін мал соңында сарғайып, күнді батыра алмайды.
Бірде Жұмаш ойыны қанбай қайтты да, Құрмашқа:
— Жайлау жақсы екен, тек күні қысқа, шартта-шұрт ойнап жатқанда батады да кетеді, — деді.
Құрмаш:
— Жоқ, күн қысқа емес, ойындарың қызық шығар, — десе де болмады. Екеуі жат та кеп таласты.
Ақыры Құрмаш:
— Онда ертең менің орныма бір күн қозы бақ, — деді. Жұмаш келісті. Ертеңіне...