Балаларды табысты оқытудағы ата-ананың рөлі
Балаларды табысты оқытудағы ата-ананың рөлі
Эссе
Мен өзім бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, мұғалім ретінде де, ата-ана ретінде де бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігіне мән беремін. Әсіресе, мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі ата-ананың балаға беретін тәрбиесінің мәні зор. Мұғалім баланың отбасынан алған тәрбиесін ары қарай жетілдіруге, дамытуға септігін тигізеді. Отбасындағы тәрбиенің рөлі – баланың білімді, табысты болуының көзі.
Ұлы ақын Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзінде былай делінген: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады». Ғұламаның айтуына қарай балаға қандай...