ru24.pro
Bilim-all
Сентябрь
2024
1
2
3
4 5 6
7
8
9
10
11 12
13
14
15
16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Халыққа жеткіз күйімді

0

«1888 жылдың дауылды бір күні еді. Кәрі Каспий әлденеге ашуланғандай арындап, ақ бас толқындарын шыңға соғып жатты. Жар жиегіндегі көгалда күмістей ақ сақалы төсін жапқан бір қария отырды. Оның өткір қара көздері бір нүктеге қадалған. Қария салалы саусақтарымен перне қуып, ақ үкілі домбырасын шертіп қояды. Оның домбырасынан теңіз толқынындай арындаған асау күй төгіледі.

Арындаған асау күй екпіндеп соққан дауылмен дүниені шарлап бақты. Халық қарияның маңына шоғырлана түсті. Күйші қарт домбырасын бұрынғыдан да гөрі екпіндете шертті. Қос ішекті безілдетіп қаққан сайын қарияның құлағына орап тастаған ұзын мұрты дауылпаздың қанатындай желпілдеді де тұрды. Төсін жапқан сақалы саусағына келіп оралады. Қария сақалын екі...