ru24.pro
Bilim-all
Сентябрь
2024
1
2
3
4 5 6
7
8
9
10
11 12
13
14
15
16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жедел жәрдем – апамның сүйікті жұмысы

0

— Әбіл, Гүл, естимісіңдер, мен жұмысқа кетіп барамын. Атаң да, әкең де кештеу келетін болар. Тамақ ішкілерің келсе, дайын, газда тұр. Ысыта қойыңдар. Жұмыстан хабарласармын.

Апам бүгін түнгі кезекке шығып бара жатыр.

Жедел жәрдем дәрігеріне бүгінгі түн әдеттегіден гөрі мазасыз әрі қиын болары анық. Себебін апамның ойымен түсіндірсем, былай: осындай мереке күндері адамдар көңіл көтеру мәселесін, сірә, шамадан тыс асырып жібереді, демек, денсаулықтарына да белгілі дәрежеде зиян келеді деген сөз. Әсіресе, көп жағдайда, бұрыннан дімкәсі бар, соғыстан жарақат алған адамдар жедел жәрдем көмегіне зәру болады. Ал ондай адамдар аз емес. Апам үшін мазасыз, қиын түн болатыны да сондықтан.

Маңдай шамында...