ru24.pro
Bilim-all
Сентябрь
2024
1
2
3
4 5 6
7
8
9
10
11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Тіл – мемлекет тірегі

0

Тіл – көпір, достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы. Еліміздегі тілдік қатынастар да осы ойға қызмет етуде. Ал мемлекеттік тіл – мемлекетті құрған тұрғылықты халықтың тілі. Ол – мемлекеттің табан тірейтін темірқазығы, тірегі, ең таза, ең асыл қасиеті болуы керек.

Тіл – халықтың өткенін, бүгінгісін және келешегін жалғайтын алтын көпір.

Шығыстың бір данышпаны: “Дүниені түзеткің келсе,әуелі өзің түзел, сонан соң балаң мен достарыңды түзе”, – деген екен. Осы орайда тіл тазалығы турасында Ғ.Мүсіреповтің “Авгийдің ат қорасынан бастайық” дегені бар еді, ендеше “дала рыцары” атанған, талғампаз халқымыздың мемлекеттік тілінің тазалығын, орамды бай тіркестерінің жасампаздығын қамтамасыз етуге барымызды салайық. Төгілген сөз, тартымды тіркес, әдемі...