Келіні мен баласы туралы айтқан сөзі
Қобыланның жалғыз өгізі бар екен. Сол елде Даният абыз деген абыз бір жұмысына сұрай келеді. Үлкен баласы бергізбейді.
Сонда Қобыланның айтқаны:
Қара жорға атанған қайран күнім,Қанша жорға болсам да, шықты мінім.
Бала ержетіп аяқтан алғаннан соң,Ағайынға кетеді-ау енді сыным.
Үлкен баласы бөлек үй болып, кенже баласының қолына шығады. Келін мен бала онша дүзу қарамайтын болса керек.
Сонда айтқаны:
Баланың ең жақсысы кенжесі екен,Тəтті, дəмді бар болса, сол жесе екен.Қатын алып, баланы үйлеген соң,Кəрісін жақтырмайды, ол несі екен?!
Келініне айтқаны:
Кəрілік, шіркін, келдің кезіменен,Келін жақсы көрмейді көзіменен.
Тарсылдатып таяқпен ұрмаса да,Ұрғандай ғып жүреді сөзіменен.