ru24.pro
Bilim-all
Июль
2024
1 2 3 4 5
6
7 8
9
10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21 22 23 24 25 26 27
28
29
30 31

Нан қайдан шығады?

0

Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа тіскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.

Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне, кірсем, ә!» — деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.

— Нан, нан, сен қайдан шықтың? — деді сыбырлап.

— Сатушыдан сұра, — деді нан.

Тышқан сатушыға келді.

— Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?

— Наубайшыдан сұра, — деді сатушы.

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр...