ru24.pro
Bilim-all
Июнь
2024
1 2 3
4
5
6
7
8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18 19 20 21
22
23
24 25 26 27 28 29 30

Қызыл жолбарысты Сарыбай би

0

Сарыбай Айдосұлы — Сұраншының үзеңгілес серігі, аса жақсы көретін інісі, қол бастаған батырларының бірі. Оны бүкіл еліне сөзін өткізер көсем деп, дауға салар шешенім деп ғұмыр бойы қасынан тастамаған. Екеуі тізе қосып, атақты Қарқараның жәрмеңкесіне келгенде, Алатаудың күнгей-теріскейіндегі қырғыз-қазақ, арғы жақтағы қалмақ, қытай, ылдидан дұңған, ұйғырлар бүкіл Жібек жолы бойындағы саудагерлер, қалың жұрт түгел өре түрегеліп, қастерлеп, иіле сәлемдесіп, игі жақсылар қақ төрден орын ұсынады екен.

«Батыр — аңқау, ер — күдік». Сұраншы аңғалдығынан жаудың алдағанына сеніп, байқаусызда қолға түседі. Сонда Сайрам қаласындағы биік қамалдың ішінде қасындағы төрт-бес нөкерімен соғысып жатқан Сұраншы Сарыбайға ақырыпты дейді: «Мыналар бізді құтқармас, елді басқаратын...