ru24.pro
Bilim-all
Июнь
2024
1 2 3
4
5
6
7
8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18 19 20 21
22
23
24 25 26
27
28
29
30

Әсем әжейдің әңгімесі

0

Әсем әжейдің әңгімесі, Толымбек Әбдірайым , Ауладағы ағаш орындықта бес кішкентай қыз отыр.

Ауладағы ағаш орындықта бес кішкентай қыз отыр.

— Күн қандай жылы! — деді Әйгерім достарына қарап.

— Иә, өте жылы, — деді Балгүл Әйгерімді қостап.

— Қыстан құтылдық-ау, әйтеуір, — деді Жазира сөзге араласып.

— Қыздар, басқа әңгіме таппадыңдар ма? — деді Күлай. — «Көр-жерді» сөз етіп.

— «Көр-жер» деген не? — деді Ақжібек таңырқап.

— «Көр-жер» деген ұсақ-түйек, болмашы бірдеңе деген сөз.

— Оны қайдан білесің?

— Әжемнен естігем.

— Ал әжең қайдан біледі?

— Ол кісі біздің үйдегі «Үлкен сөздік». Бәрін біледі.

Осы тұста әңгімеге Жазира араласты.

— Әжем айтқан, Күлайдың әжесі ұстаз болыпты. Көп оқыған, көпті көрген...