Астанада бүгін «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 31 наурызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жасқа толған мерейтойына байланысты «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.