31 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, солтүстікте жел күшейеді, тұман, көктайғақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын сақталады, оңтүстікте нөсер жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі ықтимал.