ru24.pro
Новости по-русски
Март
2016

Жыл соңына дейін Қазақстанда бүкіл сот залдары бейне жазу жүйесімен қамтылады - М.Бекетаев

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот ісін ашық өткізу мақсатында сот залдарында сот процестерін бейне жəне таспаға жазуға мүмкіндік беретін жаңа жүйемен жабдықтау жұмысы жалғасуда. Қазір осындай жүйемен 1 050 зал немесе барлық залдардың 75 пайызы жабдықталған. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Президент Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев мəлім етті.