Қызылордада тазалық айлығы мамырға дейін жалғасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жарияланған екі айлық санитарлық тазалық шаралары жөнінде брифинг өтті. Оған облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерзат Тұяқбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов, жергілікті полиция бөлімінің бастығы Амангелді Бақытжанов қатысты.