Қаржы құралының құны құбылмалы тұста оның бағасын сақтап қалудың 7 әдісі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық дағдарыс кезінде өңірлік қаржы институттарының мәртебесі мен қаржы құралдарының құны құбылмалы. Осы тұста жиған-терген немесе мұрагерлікпен келген қомақты қаржы, болмаса жылдар бойы сақталған салымның құнын төмендетіп алмаудың жолы бар ма? Өйткені, қазіргі экономикалық қиыншылық ары кетсе 4 жыл болмаса 2 жыл шамасында толықтай жақсы тұсына қарай өзгеретінін кейбір сарапшылар болжап отыр.
Ендеше түрлі басылымдардан сол жөнінде ақыл-кеңестеріне құлақ түрелік. Чехияның «Лидовский» газеті жаңа қаржы дағдарысынан ақшаны қалай аман алып қалу жөнінде 7 тәсілін ұсыныпты. Бұл Еуро одақ көлеміндегі дағдарысқа байланысты болғанымен біздің оқырмандарымызға да септігі тиер.