Жұма күні республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасын болады. Тек оңтүстік-батыста және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.