ҰҚШҰ әскери мүліктерді тасымалдау саласында ынтымақтасатын болады - Сенат
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.