Нью-Йорк әуежайында 30 келі кокаин тасымалдаған стюардесса ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте JetBlue авиакомпаниясының стюардессасы ұсталды, ол Калифорния штатында қол жүгін тексеру барысында 30 келі кокаинды тастап қашып кеткен. Марша Гей Рейнольдс Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдағы полиция бөлімшесіне өз еркімен берілді, деп хабарлайды АҚШ прокуратурасы.