Әбіш Кекілбаевқа жолданбай қалған хаттар...
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жиырма жылда Әбіш ағаға хат жазуды және оны жолдамай сақтап қоюды дағдыма айналдырыппын. Неге екенін қайдам? Әлде өзім ұстаз тұтқан ұлы тұлғаның уақытын аядым, әлде алуан ұғым аспа-түспе қайшыласқан заманда алаң көңіл қылғым келмеді, деп жазады «Егемен Қазақстан» газетіне жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев халық жазушысын еске ала отырып.